"АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ" АЭА" АҚ ЖӘНЕ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "МАҢҒЫСТАУ ТУРИЗМ КОЛЛЕДЖІ" МКҚК БАСШЫЛАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 14 ақпанында "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ және Маңғыстау облысы білім басқармасының «Маңғыстау туризм колледжі» МКҚК басшылығының кездесуі өтті. Кездесу барысында Басқарма төрағасының орынбасары Б. М. Кенбеилов Басқарма төрағасы А. Т. Қабашевтің атынан колледж басшылығына білікті мамандарды дайындау жұмыстары үшін алғысын білдіре отырып, колледждегі студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдануына бағытталған қажетті базаның болу ерекшелігін атап өтті. Маңғыстау туризм колледжі басшысының өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Сдықова Г.Г., оқу ісі жөніндегі орынбасары Бисенова А.Х. колледждің қызметімен таныстырды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық туралы меморандумдармен алмасты. 2020-2021 жылдар аралығында АЭА аумағындағы қызметтің басым турлері тізіміне туризм саласындағы қызмет түрлері қосылған болатын.

Қайнар көзі: "Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ баспасөз қызметі.

Желілерде бөлісу:

  • 232